Біз туралы
«Orda Studio — Сапалы дыбыс, шынайы сезім!»
Біз 2023 жылдың 31 шілдесінде құрылдық және сол уақыттан бері әлемдік контентті — әсіресе корей дорамаларын қазақ тіліне аударып, дубляждап, көрерменге ұсынып келеміз.
Әр апта сайын біз сіздерге жаңа дубляждалған эпизодтар ұсынып, сүйікті контенттеріңізді қазақ тілінде тамашалауға мүмкіндік береміз. Сонымен қатар, басқа дубляж топтарының келісімімен олардың дыбыстама жұмыстарын да сайтымызда жариялай бастадық.Біз — дорама сүйер қауым мен нағыз жанкүйерлер үшін таптырмас ресурс болуға тырысамыз.
Мобильді құрылғы арқылы сайтта оңай шарлау үшін экранның жоғарғы оң жағындағы мәзірді пайдаланыңыз. Мұнда тақырыптық жинақтар, жанр бойынша сүзгілер және өзіңізге ұнайтын жобаларды табуға көмектесетін бөлімдер қолжетімді.
Біздің мақсатымыз:
Қазақ тілді көрермендерге әлемдік контентті ана тілінде жеткізу
Қазақ дубляжының кәсіби деңгейін арттыру
Көрерменмен тығыз байланыс орнату және қазақ тілді қауымдастықты кеңейту